«Ясли-сад “Бақыт мекені 1”» — балалардың мектепке дейінгі кезеңде сапалы тәрбие мен білім алуына жағдай жасайтын мекеме.
Балабақша 2022 жылдан бастап өз қызметін жүзеге асырып келеді. Мұнда 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар 3 топта тәрбиеленеді. Әр топта баланың жас ерекшелігі ескеріліп, қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған оқу-тәрбие ортасы қалыптастырылған.
Білім беру үдерісін тәжірибелі, білікті педагогикалық ұжым жүргізеді. Оқу-іс әрекетін және тәрбиелеуде заманауи бағдарламалар мен әдістемелер қолданылып, балалардың физикалық, әлеуметтік және тұлғалық дамуына басымдық беріледі.
«Бақыт мекені 1» балабақшасы — әр балаға жайлы, қауіпсіз және дамытушы орта ұсынатын мектепке дейінгі ұйым.